Идентификация, смс және ЭЦҚ: кредит рәсімдеудегі жаңа тәртіп белгілі болды

30 Просмотры
Издатель
Енді кредит алу қиындай түспек. Бұдан былай жеке тұлғалар телефонына келген хабарламадағы кодты айтып, бір минутта онлайн несие рәсімдей алмайды. Кредит алушы үш түрлі идентификациядан өтеді.
Әуелі геометриялық идентификация, яғни адамның бет-әлпеті суретке түсіріліп, хабарлама - код расталады. Және міндетті түрде цифрлы қолтаңба болуы керек. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осылайша көбейіп бара жатқан интернет алаяқтардың әрекетіне тосқауыл боламыз деп отыр. Жауапты ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет алаяқтық дерегі тіркелген. Қазір Ішкі істер министрлігі талайды сан соқтырған пысықайлардың ұялы телефон нөмерлерін анықтап бірден бұғаттауда.
БАҒДАТ МУСИН, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
– Қазір кредит беруді қиындатудың түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Жеке мәліметтерді алудың сан алуан жолдары бар. Мысалы, біреулер фишингтік сілтемелер арқылы өтеді де барлық жеке мәліметтерін жария етеді. Сосын пандемия кезінде халық онлайн қызметтерді көп пайдаланды. Отандық сервистерге ғана емес, шетелдік қызметтерге де тапсырыс берді.









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.