«Kaspi Pay-ңізді жалға аламыз. Салымсыз оңай ақша табу!» – Алаяқтар

7 Просмотры
Издатель
Алаяқтар Kaspi Pay-ді «жалға алу» ұсынысымен жарнама орналастырып, қосымшаға кіруге рұқсат бергені үшін табыс алатынына уәде береді. Оны пайдаланып, адамдардың ақшасын ұрлайды, ал келтірілген залал үшін жауапкершілік нағыз сатушыға артылады, себебі чектерде оның БСН/ЖСН көрсетіледі.

Кәсіпкерлерге қызметкері емес үшінші тұлғаға Kaspi Pay қосымшасын немесе Kaspi Магазиндегі сатушының кабинетін «жалға беруге» немесе оған кіруге рұқсат беруге, сондай-ақ бөтен тауар үшін ақы қабылдауға қатаң тыйым салынады. Неге екенін – бейнероликте көрсетеміз.

Сақ болыңыз!

Есіңізде болсын:
• Kaspi Pay мен басқа да жеке кабинеттерге қолжетімділікті бөгде адамдарға бермеңіз.
• Картаның деректемелері мен SMS- кодтарды ешкімге айтпаңыз.
• Бейтаныс сілтеме бойынша өтпеңіз.
• Бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз және төлем жасамаңыз.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.